Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 03 қарашадағы № 438 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасуын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының жобасына Баспасөз релизі

«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасуын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 03 қарашадағы № 438 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының жобасы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 5-бабы 7) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес әзірленді.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі ҚР Президентінің 2024 жылғы 8 мамырдағы № 542 «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының 6.1-тармағын іске асыру шеңберінде және «Таза парақтан» реттеуді өңірлік деңгейде енгізу жөніндегі жұмысты жүргізу шеңберінде нормативтік құқықтық актілерден реттеуші құралдарды және (немесе) талаптарды алып тастау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті реттеуші құралдарды және (немесе) талаптарды қалыптастыру шарттарына сәйкес келмейді (кестеге сәйкес).

Жоғарыда айтылғандардың негізінде діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасуы (16 орын) орындаушылық, реттеудің теңдігі, ашықтық және айқындылық шарттарына сәйкес қайта қаралуға және келтірілуге тиіс.