ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР КӨШБАСШЫЛАРЫ КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ

2024 жылғы 30 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасында Солтүстік Қазақстан облысының діни бірлестіктері көшбасшылары клубының отырысы өтті.
Отырысты аша отырып, Дін істері басқармасының басшысы Р. Қасенова діни бірлестіктердің басшыларына су тасқынынан зардап шеккендерге көмек бағытталған қайырымдылық қызметіне қатысқаны үшін алғысын білдірді.
Бөлім басшысы С. О. Мейманова клуб қатысушыларын ғибадат объектілерінен тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізу саласындағы заңнамамен таныстырды.
Соңында клуб мүшелері мәселелерді талқылап, пікір алмасты.