Zoom платформасында аудандық АТТ оқыту семинары өтті

2023 жылдың 27 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасы Zoom платформасы арқылы аудандардың ішкі саясат бөлімдерінің мамандарымен және ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерімен оқыту семинары ұйымдастырды.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасының қызметкерлері Е. Сыздықов пен Н. Нұрмағанбет діни саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша АТТ қызметін барлық деңгейде ұйымдастыру, медиа-жоспарды жүзеге асыру бойынша әдістемелік көмек көрсетті.