Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті РММ-да ақпараттық-түсіндіру жұмысы өтті

2023 жылғы 02 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті РММ-да СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының бас мамандары Е. Сыздықов, Н.Нұрмағамбет Департамент мамандары үшін «Деструктивті діни ағымдардың тарту әдістеріне иммунитет қалыптастыру», «Цифрландыру дәуіріндегі дін: гаджеттер, әлеуметтік желілер және здіни білім алуға арналған қосымшалар» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі талаптары жеткізілді, деструктивті діни ағымдардың белгілері қаралды, сондай-ақ әңгіме барысында туындаған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.