Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті РММ-да ақпараттық-түсіндіру жұмысы өтті

2023 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті РММ-да СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының бас мамандары Е. Сыздықов, Н.Нұрмағамбет Департамент мамандары үшін «Бөтен діннен сақ бол, діни сауаттылық – қауіпсіз қоғамның кепілі» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі талаптары жеткізілді, деструктивті діни ағымдардың белгілері қаралды, сондай-ақ әңгіме барысында туындаған барлық сұрақтарға жауаптар берілді.