Профилактикалық іс-шаралар кешені

Профилактикалық іс-шаралар кешені

2023 жылғы 15 маусымда Тайынша қаласы аудандық кітапханасының базасында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті іске асыратын жоба шеңберінде СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының қолдауымен оқыту семинары ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп директорларының орынбасарлары, тарих пәнінің мұғалімдері, кітапхана қызметкерлері қатысты.

Оқыту семинарының спикерлері-республикалық ақпараттық–түсіндіру тобының мүшелері, дін саласындағы жетекші сарапшылар: Мұстафина Толғанай Вагизовна - Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ дінтану ғ. PhD д.; Оразбаева Гүлнар  Какенқызы – «Зерделі ұрпақ» жастар ҚБ директоры.

Іс-шарада келесі тақырыптар қарастырылды:
«Қазақстан Республикасындағы жалпы білім берудің зайырлы сипаты», «Экстремизмнің алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешенін Стратегиялық жоспарлау және терроризм».

Сондай-ақ, Тайынша ауданы мен қаласының әйелдер жамағаттарымен «Қазақстандық қоғамның дәстүрлі, мәдени және отбасылық құндылықтарын нығайту», «Дәстүрлі діннің негізгі бағыттарын түсіндіру» тақырыптарында кездесу ұйымдастырылды.

Спикерлер ретінде республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, дін саласындағы жетекші сарапшылар: Кеңесбаева Айша Аманқызы – «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің журналист-исламтанушысы; Солтан Роза – «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының» теологы сөз сөйледі.