Zoom платформасында аудандық АТТ мамандарымен кездесу өтті

Zoom платформасында аудандық АТТ мамандарымен кездесу өтті

2023 жылдың 16 мамырында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасы Zoom платформасы арқылы аудандардың ішкі саясат бөлімдерінің мамандарымен және ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерімен кездесу ұйымдастырды.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасының қызметкерлері Е. Сыздықов пен Н. Нұрмағанбет «Интернет кеңістігіндегі қарсы-насихат жұмыстарының жаңа әдістері мен өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг өткізіп, діни саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша БЖТ қызметін барлық деңгейде ұйымдастыру, медиа-жоспарды жүзеге асыру бойынша әдістемелік көмек көрсетті.