Католик храмына бару

Католик храмына бару

Ағымдағы жылдың 9 маусымында жұмыс сапары аясында Германия елшiсi Моника Иверсен Қазақстанның ежелгi католик храмы — Петропавл қаласындағы Исаның аса қасиеттi жүрегiнiң Рим-Католик шiркеуiне барды. Ғибадатхана 1911-1912 жылдары жер аударылған поляктар мен немiстердiң ұрпақтары салған. Бұл аймақтық маңызы бар мәдени ескерткiш және қаланың басты көрiктi жерлерiнiң бiрi. Рим-Католик шiркеуiнiң тақуасы П.Я. Лахта мен дiн iстерi басқармасының басшысы Р.И. Қасенова мәртебелi мейманды қарсы алды.

Кездесу соңында Моника Иверсенге ғибадатхана аумағында тоталитарлық режим құрбандарына ескерткiшi көрсетiлдi.