«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Петропавл қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері өтті

Ағымдағы жылдың 12-13 маусымында Петропавл қаласындағы С.Муқанов атындағы облыстық кітапхананың мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің және Дін істері басқармасының қолдауымен «Дін мәселелері бойынша білікті мамандарды даярлау» жобасы аясында кешенді іс-шара өтті.
Шараның мақсаты – дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен айналысатын мамандардың кәсіби әлеуетін арттыру, әдістемелік және практикалық дайындықтарын күшейту.
Семинар жұмысына әкімдердің орынбасарлары, кеңесшілері, Дін зерттеу орталығының, құқық қорғау органдарының мамандары, теологтар мен психолог мамандар, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының әр ауданынан келген ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен мамандары ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері қатысты.
Іс-шара аясында екі күнге созылған семинарда тәжірибелі дәріскерлер — дінтанушы, PhD (философия бойынша) Мустафина Толғанай Вагизовна және психология маманы Новикова Светлана Николаевна өз баяндамаларын оқып, тәжірибелерімен бөлісті.