Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөнiндегi, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң отырысы

2021 жылдың 16 сәуiрде аудан әкiмiнiң орынбасары А.З. Жауарованың төрағалығымен аудан әкiмдiгiнiң кiшi залында қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөнiндегi, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi үйлестiру кеңесiнiң отырысы өтiп, келесi мәселелер қаралды:
- Пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдармен жұмысқа ҮЕҰ мен қоғамдық бiрлестiктердi тартуға бағытталған iс-шараларды өткiзу туралы.
- Ауылдық округ әкiмдерiнiң қоғамдық жұмыстарға сотталғандарды жұмысқа орналастыру, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруға жәрдем көрсету жөнiнде қабылдап жатқан шаралары туралы.
- Уәлиханов ауданының пробация қызметi тобында есепте тұрған, жәрдемақы алуға жататын, өмiрлiк қиын жағдайда жүрген сотталған адамдарға материалдық жәрдемақы алу туралы.
Отырысқа Үйлестiру кеңесiнiң мүшелерi қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар берiлдi.