«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» КММ персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы
Тимирязев ауданының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
327924
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
- жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Құрылымдық бөлімшенің жылына, тоқсанына, айына жұмыс жоспарын қамтамасыз етеді, оның орындалуын бақылауды ұйымдастырады. мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіреді. Тәртіптік, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастырады. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізу, конкурстық іріктеу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, қызметтік тергеп-тексеру, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, мемлекеттік қызметшілерді қызметтен шығару рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Кадрлар іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмысын бағалау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқорда (ақпараттық жүйеде) есепке алуды жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамадан өтуін, тәлім алуын, жұмысын бағалауды, оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлейді. Аттестаттау рәсімдерін сақтауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттарын, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін ескере отырып, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға құқығы бар лауазымды адамның (органның) біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді. Оның құзыретіне жататын және құрылымдық бөлімшенің қызметі саласына кіретін барлық сұрақтар бойынша аудан әкімі және әкімдігінің, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың актілерін орындауды ұйымдастырады.
Жоғары тұрған органдар сұрауларының уақтылы орындалуына бақылау жасайды
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебін сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту бойынша жұмысты ұйымдастырады. Аудан әкімінің аппараты және ауылдық округтері әкімдері аппараттары бойынша «Е-қызмет» персоналды басқару біріктірілген ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізуді ұйымдастырады. «Күміс алқа» және «Алтын алқа» алқаларымен наградтауға материалдар даярлайды. Мемлекеттік қызмет өтілін белгілеу жөніндегі комиссияның қызметін іске асырады. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментіне тоқсан сайынғы, жылдық есептілікті даярлайды. Аудан әкімі аппаратының басшысымен берілген тапсырмаларды орындайды. Блок А.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
timirakimat@sko.gov.kz
- 15.11.2022
- Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Шоқан Уәлиханов к-сі, 1, персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесі, № 216 кабинет
-
8(71537)21457