«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ құрылыс және мемлекеттік қызметтер жөніндегі бас маман.
Тимирязев ауданының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
243701
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Сәулет және құрылыс
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
Функционалды міндеттер
Құрылыс және сәулет қызметінде заңнама нормаларының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету. Құрылыстарды салу, қайта жаңарту бойынша әр түрлі қызмет түрлерін ұсынатын барлық меншік түріндегі кәсіпорындармен жұмыс.
Құрылыс барысын және мердігерлердің жұмыс кестесін сақтауын бақылайды, орындалған мердігерлік жұмыстардың сапасына жауапты болады, мердігерлерге шарттық міндеттемелерді орындамаған жағдайда талап қою үшін материалдар дайындайды, бөлім басшысына өз құзыреті шегінде анықталған барлық кемшіліктер туралы баяндайды.
Бөлім қызметіне байланысты есептілікті жасайды және уақытылы ұсынады.
Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін белгіленген тәртіппен жер учаскелерін таңдау актілерін ресімдейді
Тендерлік өтінімдерді әзірлеуге, тендерлік комиссияда, автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтіп ұстау бойынша орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысады. Шарттық міндеттемелердің орындалуын және орындалған жұмыстар үшін есептеулерді бақылау. Объектілердің бақылау өлшеулеріне қатысады, орындалатын құрылыс-монтаж жұмыстарының есебін және олардың жобалар мен сметаларға сәйкестігін жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау және жинау, беру бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Объектілерді бақылау өлшемдеріне қатысады, орындалатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының есебін және олардың жобалары мен сметаларына сәйкестігін жүргізеді.
Аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімі шешімдерінің жобаларын әзірлеуге қатысады.жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар құрастырады.
Блок А.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 15.08.2022
- Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Шоқан Уәлиханов к-сі, 1, персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесі, № 216 кабинет
-
8(71537)21457