«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік сатып алу жөніндегі бас маманы
Тимирязев ауданының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
100696 - 136444
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Функционалды міндеттер
Бюджеттік бағдарламалар әзірлейді, оларды бекітуге даярлайды. Аппаратты ұстау жөніндегі бюджеттік өтінімді, төлемдер және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын құрастыру бойынша жұмысты ұйымдастырады, мемлекеттік мекеменің қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізеді, ағымдағы есептілікті құрастырады. Штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, шығыстар сметасы орындалуының, есепшілік құжаттардың қатаң сақталуы, олардың ресімделуі және бекітілген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізеді. Мемлекеттік мекеме бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын, оның орындалуы бойынша ағымды айлық есептілікті құрастырады, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізеді, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді жеткізушілермен жасалатын келісімшарттардың жобаларын құрастырады және дайындайды, мемлекеттік сатып алу бойынша құжаттама жүргізеді, мемлекеттік сатып алу веб-порталында хабарландыруларды орналастыру, қорытындылар жасау, келісімшарттарды орындау жұмысын істейді. Статистика басқармасына, экономика және қаржы бөліміне электронды форматта, мемлекеттік кірістер басқармасына уақытылы және сапалы есептілікті тапсырады, мемлекеттік тізілімді жүргізеді. «Қазынашылық-клиент», «1-С Бухгалтерия», «Ессо» және т.б. бағдарламаларда жұмыс істеу.
Құрылымдық бөлімше басшысы жоқ кезінде оның орнын ауыстырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 04.06.2020
- Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Шоқан Уәлиханов к-сі, 1
-
87153721457