«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ басшысы
Тимирязев ауданының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
E-R-1 (күші жойылды) (27.12.2024) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшылары
380392
Жалпы біліктілік талаптары
Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
Ескертпе: * – E-R-1 санатындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу кезінде, кандидатта ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі не бейіні бойынша доктор болған жағдайда, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкестігі міндетті емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Педагогика және психология
- Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (білім саласы)
Функционалды міндеттер
«Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін басқарады және оған жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапкершілік алады. Жеке қаржыландыру жоспарын, құрылымды бекітеді. Бекітілген тәртіппен бөлім қызметкерлерін лауазымға
тағайындайды және лауазымынан босатады. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс тәртібін және бөлім қызметкерлерінің демалу уақытын бекітеді. Бөлімнің негізгі қызмет және жеке құрамы бойынша бұйрықтар шығарады. Бекітілген тәртіппен қызметкерлерді көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану сұрақтарын шешеді. Жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын,
өтініштерін және шағымдарын қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды, бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау жүргізеді және консультациялар береді. Бөлім құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша заңнаманың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Қаражаттардың нысаналы шығындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қабылдайды, бөлім қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларының және мемлекеттік қызмет туралы заңның сақталуына дербес жауапкершілік алады. Аудан әкімінің тапсырмаларын орындайды. Әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілі туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді. Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдауды жүргізетеді. Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдауды жүргізеді.
Блок А
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
timirakimat@sko.gov.kz
- 05.11.2024
- Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы, Тимирязев а., Шоқан Уәлиханов к-сі, 1, персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесі, № 216 кабинет
-
8(71537)21457