2024 жылғы 28 қазандағы әкімдік отырысы

Бүгін, 2024 жылғы 28 қазанда, Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ. Жаровтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті.
Отырыс барысында атқарушы органдардың 2024 жылдың тоғыз айындағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс нәтижелері қаралды, сондай-ақ қарт адамдар мен мүгедек жандарға әлеуметтік қолдау көрсету айлығының қорытындылары шығарылды.
Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесі тыңдалып, бизнесті ынталандыруға және ауданда жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеуде атқарушы органдардың тиімділігін арттыру, әлеуметтік қолдауды жақсарту және ауданда кәсіпкерлік белсенділікті дамыту туралы қаулылар қабылданды.