Аппараттық кеңес

Аппараттық кеңес
2024 жылғы 21 қазанда әкімдіктің үлкен залында Е.Қ. Жаровтың төрағалығыммен жергілікті атқарушы органдардың, аумақтық органдардың басшыларымен, ауылдық округтердің әкімдерімен аппараттық кеңес өткізілді.
 
Кеңес барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды:
1. Ағымдағы жылдың 9 айындағы құжат айналымы бойынша ақпарат;
2. Мемлекеттік рәміздерді қолдану бөлігінде мемлекеттік саясатты іске асыру;
3. Ауылдық округтерінің медициналық пункттерге санитарлық-эпидемиологиялық қызмет көрсету;
4. «Жұмыспен қамту», «Білім беру», «Денсаулық сақтау» салаларындағы отбасының цифрлық картасының көрсеткіштерін орындау.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар берілді.