2024 жылғы 19 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің ғимаратында аудан әкімі аппараты басшысы С.Г. Соболевскаяның төрағалығымен мемлекеттік қызметшілер арасында жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізілді. Келесі мәселелер қарастырылды:
- Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманың сақталуы, Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының 2024 жылғы 23 шілдедегі № 2-14-24-08566 ұсынысында көрсетілген бұзушылықтар.
- «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңға және «Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына» сәйкес негізгі талаптар
- 2024 жылғы 2 тоқсанда мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша бұзушылықтарды талдауды қарау.
- 2024 жылдың 6 айында БАҚ және Интернет-ресурстар арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша аудан тұрғындарын толық және уақтылы хабардар етуді қамтамасыз ету.
Құқықтық жалпыға бірдей оқыту қорытындысы бойынша хаттамалық ұсынымдар берілді.