СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың жұмыс сапары

Ауданымызға жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов келді.
Сапар барысында, өңір басшысы ауыл шаруашылығы, кентішілік жолдарды жөндеу, кәсіпкерлік саласындағы жобалармен танысты.
Сондай-ақ, облыс әкімі Дмитриевка ауылындағы жаңа мәдени-сауықтыру орталығында болды.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында, алаңда ауыл ардагерлері мен жастарымен бірге ағаш отырғызды.
Облыс әкімі Москворецкое ауылында халықпен кездесті, проблемалық мәселелер талқыланды, шешу жолдары белгіленді.