Үшжақты комиссия

Бүгін, 2024 жылғы 23 мамырда аудан әкімі Ерлан Жаровтың төрағалығымен Тимирязев ауданының әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік, еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер: жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру, кәсіптік даярлау, жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қайта даярлау. Комиссия қорытындысы бойынша аудан әкімі ұсыныстар берді.