Бүгін, ағымдағы жылдың 29 қаңтарда әкімдіктің үлкен залында аудан әкімі Ерлан Жаровтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.

Бүгін, ағымдағы жылдың 29 қаңтарда әкімдіктің үлкен залында аудан әкімі Ерлан Жаровтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Кеңеске аумақтық органдардың, құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округтердің әкімдері және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты. Пайдаланылмайтын жерлерді алып қою және заң талаптарын бұза отырып берілген жерлер туралы жер қатынастары бөлімінің басшысы Касенов А.К., аудан әкімінің 2023 жылға арналған аппарат мәжілістерінде берілген тапсырмаларының орындалу барысы туралы ұйымдастыру-бақылау мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшенің басшысы Тілеуіп Р.Е., Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Кожахметова Г.К. мемлекеттік сатып алулар және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері туралы баяндады.