Республика күніне арналған халық думан

Республика күніне арналған халық думан

Тимирязев ауданында Республика күніне арналған көптеген экологиялық, жастар, спорттық, патриоттық және қайырымдылық акциялары, салтанатты шаралар, мерекелік концерттер өтті және бұл күн халық думанымен аяқталды. 

25 қазан күні аудандық Мәдениет үйінің алаңында аудан орталығы ұйымдары мен кәсіпорындарының ұжымдары мерекелік үстел жайып, жерлестеріне дәм татқызды. Тамаша құттықтау сөздері айтылып, әндер шырқалды, батылдар гір көтеру мен арқан тарту бойынша жарыстарға қатысты, ал ең жас тимирязев тұрғындары бұл сәтте облыстық қуыршақтар театрының қойылымын тамашалады.