Хмельницкий ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу

11 қазанда тұрақты кездесулер кестесіне сәйкес аудан әкімі Е.Қ. Жаров Хмельницкий ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы, аудан прокуроры, полиция бөлімі бастығының орынбасары қатысты. Ерлан Қайырұлы ағымдағы жылдың 8 айында ауданда не істелгені және не істеу жоспарланғаны туралы айтып берді. Кездесу барысында тұрғындар ауылдағы жол мәселені талқылап, тиісті түсініктемелер алды.