СҚО Тимирязев ауданы әкімінің аппараты «Үздік ауыл әкімі» конкурсының басталғанын хабарлайды

«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 167-ө өкімімен қабылданған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі
2022-2024 жылдарға арналған жол картасының 82-тармағына сәйкес өткізіледі.

Конкурсты өткізу кезеңі: 2022 жылдың маусым-қазан айлары. Конкурсқа құжаттар 2022 жылдың 10 маусымынан бастап 30 маусымына (қоса есептегенде) дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысуға мемлекеттік қызметте әкім лауазымында үш жылдан кем емес өтілі бар, Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны, мемлекеттік қызметке кір келтіретін қылығы үшін алынбаған тәртіптік жазалары жоқ, сондай-ақ соңғы 1 жылда қоғамда теріс пікір тударатын әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, 2021 жылға «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау қорытындысы «тиімдіден» төмен емес бағаланған кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне жол беріледі.

Конкурсты өткізу туралы толық ақпарат СҚО Тимирязев ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында орналастырылған.

Конкурсты ұйымдастыру сұрақтары бойынша 8 (71537) 2-14-57, 87711356736 байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады.

Конкурсты өткізудің жалпы ережелерімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады

«Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулық (сілтеме).