Жақсылық Ғабдоллаұлы Ысқақовтың 90 жасқа толуын мерекелеу

Бүгін, 17 наурыз – «Тарих күні» («Тарихқа тағзым күні») біз, қазақстандықтар, Наурыз мейрамы мерекесінің 4-ші күнін тойлайтын күн. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында ұлттық, тарихи, өлкетану мұражайларына экскурсиялар ұйымдастырылатын күн.
Күні кеше ғана Елбасымыз Қ.Тоқаев әрбір сөзі сарапқа салынып, іріктеліп алынған, Бірлігіміздің құндылықтары, ел тарихына құрмет таныту туралы айтылған, нақты міндеттер айқындалған Қазақстан халқына арналған сөзін сөйледі.
Бүгін мен сіздерге еліміздің тарихында әдемі де асқақ есімі алтын әріптермен жазылған, әлі күнге дейін алғыс пен құрметтің белгісі ретінде басымызды иіп тұратын адам туралы айтқым келеді. Өзінің өктем дауысымен бір емес, бірнеше буынды ықтырған Жақсылық Ғабдоллаұлы Ысқақов туралы сөз етпекпін.
Облыс басшылығы, облыстық Ардагерлер кеңесі президиумы қатарынан құрылған жұмыс тобының бастамасымен облысымызда ақпан-наурыз айларында сонау 1963 жылы Тимирязев ауданының құрылуы бастамасында тұрған Жақсылық Ғабдоллаұлының 90 жасқа толуы мерейтойы кеңінен атап өтілуде.
Наурыз мейрамын мерекелеудің «Көрісу күні» деп аталатын алғашқы күнінде Жақсылық ағаның тамаша мерейтойын тойлау да осыған орай тұспа-тұс келтірілді.
Біздің Тимирязев ауданында құрамында мерейтой иесінің өзі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Е. Ы. Елеусизов, Қ. Қ. Қалиев бар салмақты делегация болып қайтты.
Ұрпақтар сабақтастығы, балаларымыздың бойына үлкенді сыйлауды дарыту, ұлттық мәдениетке, ұлттық ойындарға тәрбиелеу мақсатында қонақтарымызбен алғашқы кездесу ауданның студенттері және спортшыларымен өтті.
Шара барысында қазақ мектеп-интернатының оқушылары мен ұжымы келген қонақтарды жылы лебізмен «Көрісу» дәстүрімен қарсы алды, одан кейін спорт мектептерінің тәрбиеленушілері қазақша күрестен өз өнерлерін ортаға салды.
Жылы қарсы алуға риза болған қонақтар өскелең ұрпаққа нақыл айтып, батасын берді.
Одан кейін аудандық кітапханада жерлестеріміздің аға буын өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, аға буын өкілдерін толғандырған сауалдар ортаға салынды.
Р.С. Медетова жетекшілік ететін аудандық мұрағаттың қызметкерлерімен дайындалған өлкеміздің тарихынан сыр шертетін мұрағат құжаттамалары кездесуді мазмұны жағынан одан әрі әсерлі етті.
Мұрағат құжаттарымен кездесу өз кезегінде фотогалереяға, кітапханашылар ұжымы мен мәдениет ұжымы дайындаған кітап көрмесіне ұласты.
Салтанатты шара басталар алдында көрермендерге сол күнгі мерейтой иесінің өмірі мен қызметі туралы жарты сағаттық бейнеролик көрсетілді.
Қонақтарды құрметтеудің әсемдігі және ажарлылығы көрермендер залына түсіп, ауылдастарына жымиып, тәттілер, ыстық бауырсақ, каравай сыйлаған еліміздің халықтарының әдемі ұлттық киімдерін киген қыздардың шығу көрінісінен танылды.
Мұндай бастама халқымыздың бірлігі мен ынтымағын білдіреді.
Басшылық атынан Жақсылық Ғабдоллаұлын Тимирязев ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ж. Е. Мәкенова, мәслихат хатшысы А. С. Асанова, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы С. С. Байғожин құттықтады. Жақсылық Ғабдоллаұлына мұндай жылы қабылдау қатты әсер етті, ол құттықтауларды, жылы лебіздер мен сыйлықтарды қуана қабыл алды.
Баршаға алғысын айтқан сол күнгі мерейтой иесінің құрметіне көрермендер қошеметпен ду қол шапалақ ұрды.
Бұл шараның тәрбиелік мәні жоғары, одан барлық көрермендер отансүйгіштік, туған жерге, бір-біріне деген сүйіспеншілік рухымен сусындады.
Жақсылық аға біз үшін қайраты зор, ішкі күш-қуаты мол, жан дүниесі таза, қарапайым халыққа деген шексіз сүйіспеншілігі мен қызметін аянбаған тұлға ретінде үлгі.
Мерейтой иесіне ұзақ ғұмыр тілейміз, оның тәжірибесі мен білімі ұзақ жылдар бойы еліміздің дамуына қызмет етсін!