Медицина қызметкерлерінің күні
Ауданда медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік шара аясында аудан әкімі денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің халықтың өмірі мен денсаулығын сақтаудағы маңызды үлесін атап өтіп, олардың күнделікті еңбегі, кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы үшін шынайы алғысын білдірді.
Адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар медицина қызметкерлері алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.
Барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, зор денсаулық, амандық және игі істеріне толағай табыс тілейміз!