9 мамыр Тимирязев ауданында
9 мамыр күні Тимирязев ауданында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мереке барысында жауынгер-азат етуші ескерткішіне гүл шоқтары мен веноктар қойылды. Аудан тұрғындары, мекеме және ұйым өкілдері бейбіт өмір үшін жанын қиған батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың рухына тағзым етті.
Іс-шара ауданның орталық алаңында жалғасын тапты. Мұнда аудан тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Аудан әкімі Ерлан Жаров тыл еңбеккерлеріне алғысын білдіріп, олардың ел үшін сіңірген еңбегінің маңызын ерекше атап өтті.