Аудан әкімі тыл еңбеккері Дмитрий Егорович Тотьмянинге барды

Жарияланған күні: 15 мамыр 2026

Жеңіс Күнін мерекелеу қарсаңында аудан әкімі тыл еңбеккері Дмитрий Егорович Тотьмянинге барып, оған көп жылғы адал еңбегі, туған өлкесіне табандылығы мен адалдығы үшін шын жүректен алғыс сөздерін білдірді.

Дмитрий Егорович-қиын жылдары жалпы Жеңіске баға жетпес үлес қосқан, ел игілігі үшін аянбай еңбек еткен ұрпақтың өкілі. Оның өмір жолы-еңбекқорлықтың, жауапкершіліктің және өз ісіне адалдықтың үлгісі.

Кездесу барысында Ерлан Қайырұлы Дмитрий Егоровичке зор денсаулық, амандық, жақындарының қамқорлығы мен ұзақ ғұмыр тіледі. Сондай-ақ, еліміздің тарихын өз еңбегі мен ерлігі арқылы қалыптастырған жандардың есімін ұлықтап, олардың еңбегін ұмытпау маңызды екенін атап өтті.