Пресс-релиз по проекту постановления акимата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области «Об установлении права ограниченного целевого пользования (публичного сервитута) на земельные участки товариществу с ограниченной ответственностью «BAITAS GEOLOGY»
«BAITAS GEOLOGY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер теліміне шектеулі нысаналы пайдалану құқығын
(қоғамдық сервитут) белгілеу туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің қаулы
жобасы бойынша пресс-релиз
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, 71-1-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Солтустік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің қаулы жобасы әзірленді.
2031 жылғы 10 ақпанға дейінгі мерзімге жер және табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтай отырып, Тайынша ауданының Драгомировка ауылдық округінде пайдалы қазбаларды барлауды жүргізу үшін, жер пайдаланушылардан (егер осындай бар болса) алып қоюсыз, барлығы жалпы алаңы 155,08 гектар, босалқы жерлер алаңы (көрсетілген схемаға сәйкес) 19,49 гектар, кадастрлық нөмірлерімен 15-164-074-092
- 2,91 гектар, 15-164-074-105 - 6,84 гектар, 15-164-074-079 - 16,08 гектар, 15-164-074-038 - 70,08 гектар,15-164-074-048 - 39,68 гектар жер телімдерін уақытша пайдалану үшін, «BAITAS GEOLOGY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жоғарыда көрсетілген қаулы жобасымен қоғамдық сервитут белгіленсін
Қаулы жобасы 2025 жылғы 03 наурыздағы НҚА порталында орналастырылды және жария талқылаулардан өтті https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=2390729&type=2
«СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі» КММ
басшысының міндетін атқарушы В. Малиновская