Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 268 «Тайынша ауданы аумағында барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына пресс-релизі

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 шілдедегі № 268 «Тайынша ауданының аумағында барлық кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің қаулысының жобасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабымен, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабымен, 65-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді.

Әкімдік қаулысының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Әкімдік қаулысының жобасын қабылдау жергілікті бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді. 

Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталының НҚА ашық бөлімінде орналастырылды.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14464385

Мемлекеттік-құқықтық мәселелер
бойынша құрылымдық бөлімше
басшысының міндетін атқарушы
Л. Сабирова