Тайынша ауданының әкімі Зеленый Гай ауылының тұрғындарымен кездесті

2023 жылғы 07 тамызда Тайынша ауданының әкімі Зеленый Гай ауылының тұрғындарымен кезекті кездесуі өткізді. Кездесу барысында ауыл тұрғындары кентішілік жолдарды асфальт бетімен жабу, медициналық қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы мәселелер бойынша сұрақтар көтерді. Кездесуден кейін аудан әкімі Зеленогай ОМ-де болып, мектептің жаңа оқу жылының басталуына және жылыту маусымына дайындығымен танысты.