
Жалпы ішкі саясат бөлімінің жұмысы Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, әкімдік қаулыларын, облыс және аудан әкімінің ішкі саясат саласындағы шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларын орындауға бағытталған;
Мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық процестерді демократизациялау және қоғамды топтастыру бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу, Тайынша ауданында гендерлік саясатты іске асыруды аудандық газеттерде ақпараттық жариялау.
Саяси партиялармен, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, діни бірлестіктермен және қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру.
Ауданда 2 газет – «Тайынша таңы», «Тайынша вести» жұмыс істейді. Аудандық БАҚ-та мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар, сондай-ақ республиканың, облыстың және ауданның қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде болып жатқан үдерістер жарияланады.
Тайынша ауданында 11 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген:
ҮЕҰ өз қызметі туралы деректерді дін істері және азаматтық қоғам Министрлігінің үкіметтік емес ұйымдарының бірыңғай базасына уақтылы ұсынады.
2022 жылдың 1 қаңтарына аудан жастарының саны 9516 адамды құрайды, оның ішінде Тайынша қаласы 3436, ауылдық елді мекендер 6080 адам, оның ішінде:
- 5 488 (жұмыс істейтіндер) немесе 57,6%.
- 664 (жұмыс істемейтіндер) немесе 6,9%
- 3 364 (студенттер және мектеп оқушылары) немесе 35,3%.
Ауданда 7 адамнан тұратын «Жүрекпен өмір сүр» еріктілер ұйымы жұмыс істейді. Олар аз қамтылған отбасы балаларына, жалғыз тұратын зейнеткерлерге, өрттен зардап шеккендерге көмектесіп жатқандарына бір жыл ғана емес. Бала жоғалған кезде іздеу жұмыстарына қатысты.
Сонымен қатар, әр мектепте еріктілер отряды ұйымдастырылды, олардың әрқайсысына жалғыз басты зейнеткерлер, ардагерлер және тыл еңбеккерлері тағайындалды.
Тайынша ауданында 8 этномәдени бірлестіктер жұмыс істейді.
Этномәдени бірлестіктердің мүшелері ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысады. Акциялар мен қайырымдылық шараларға қатысады.
ҚР «ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты аудан бойынша бейбіт жиналыстар өткізуге арналған 2 орын, «Достық» орталық алаңы және «Жеңіс» саябағы анықталды. Есеп беру кезеңінде әр түрлі наразылық акцияларын өткізуге өтініштер түскен жоқ.
Әлеуметтік желілерде ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні ВКОНТАКТЕ сайтында «Тайынша жастары» тобында 11199 адам, FACEBOOK сайтында «Тайынша ауданы SQO» тобында 4920 адам, INSTAGRAM Тайынша life 6327 сайтында, «ovptainsha» тобында 3911 жазылушы тіркелді.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер» туралы Заңының 9 бабының 5 тармағына сәйкес аудан аумағында Тайынша ауданының қоғамдық кеңесі өз қызметін жүзеге асырады.
Тайынша ауданы мәслихатының 2022 жылғы 17 наурыздағы №145 шешімімен Тайынша ауданы қоғамдық кеңесінің 2022 жылға арналған жаңа құрамы бекітілді.
Жаңа құрамға кірді:
Боков «Вайнах» Солтүстік Қазақстан облыстық
Исса Гериханович ингуш мәдени орталығы» ҚБ
Галицкий өзін-өзі ұсыну
Борис Вечеславович
Горецкая өзін-өзі ұсыну
Нина Васильевна
Гусев «Қарулы Күштер Ардагерлері» РҚБ Солтүстік
Михаил Григорьевич Қазақстан облыстық филиалы Петропавл қаласы
Жемпеисов «SENIM» «Денсаулық сақтау жүйесі
Самат Серікұлы жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ
СҚО бойынша филиалы
Изтаева өзін-өзі ұсыну
Нұршағара Дулатқызы
Кочелабова «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық
Светлана Витальевна бірлестігінің Тайынша аудандық филиалы
Рафальский өзін-өзі ұсыну
Анатолий Павлович
Жұмабаева Асем Қайырбекқызы «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ
|
Хамзин «AMANAT Партиясы» қоғамдық бірлестігінің Мереке Жақсылықұлы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық филиалы
Шәріпов өзін-өзі ұсыну Қайрат Кеңесұлы |
|
|
Ауданда аналар кеңесі бірнеше жыл жұмыс істеп келеді. Аудан әкімінің орынбасары — Бәтенова Гүлбаршын Қахарманқызы төрайымы болып табылады Аналар кеңесінің мүшелері: |
|
Тайынша ауданында 19 діни бірлестігі іс әрекетте,: оның ішінде конфессиялық тиістілігі бойынша:
- ислам – 6 (Тайынша қ., Чкалов, Келлеровка, Зеленый Гай, Теңдік, Карағаш а.);
- православилық – 3 (Тайынша қ., Большой Изюм, Чкалов а.);
- католицизм – 6 (Тайынша қ., Чкалов, Келлеровка, Зеленый Гай, Ясная Поляна, Озерное а.);
- протестантизм – 4 (ЕХБ (Християн-Бабтисттер) – 1 Тайынша қ., лютеране – 1 Тайынша қ., қайырымдылық және Евангелизация миссиясы «Емануил» – 1 Тайынша қ., Новоапостоль церковь – 1)
Ағымдағы кезеңде аудан аумағында өз қызметін жүзеге асыратын 24 миссионер тіркелген.
Діни қызметкерлер өкілдерінің ресми органдардың қызметіне араласу фактілері тіркелген жоқ. Діни ғимараттардан тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізілген емес.
Жекелеген азаматтар мен топтардың жағдайды тұрақсыздандыру фактілері анықталған жоқ.
2023 жылдың 3 сәуірінен бастап «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шеңберінде «Халықтың діни-құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру» қызметі бойынша «Рух Тіл Жаңғыру» ҚБ 2,070 млн теңге сомасына шартқа қол қойылды.
Ауданда 5 адамнан тұратын ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс істейді: Рафальский Анатолий Павлович – «Аудандық ардагерлер кеңесі» ҚБ төрағасы; Ғазизов Дәулет Аманбайұлы-Тайынша ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны; Өтелбаева Балқия Сәрсембайқызы - аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі; Жұмабаева Асем Қайырбекқызы - ішкі саясат бөлімінің бас маманы,. Ковалевская Екатерина Викторовна-Жастар бастама орталығы директорының міндетін атқарушы
Жыл басынан бері «Қазақстан – зайырлы мемлекет», «Діни экстремизм және терроризм ұлттық қауіпсіздікке қауіп ретінде», «Діни қызмет саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік», «Халықтың діни сауаттылығын арттыру діни экстремизмге қарсы іс-қимылдың маңызды аспектісі», «Мектептегі Хиджаб: киюге тыйым салынбайды» тақырыптарында дәрістер өткізілді.
Сондай-ақ, ақпараттық кеңістіктегі діни экстремизм мен терроризмді қарсы насихаттауды жетілдіру мақсатында түсіндіру жұмыстарына қоғамдық пікір көшбасшылары тартылады.
Жыл басынан бері АТТ мүшелері 13 ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізді, оның ішінде 5 онлайн дәріс түрінде.
АТТ мүшелері тоқсан сайын дәрістер, ақпараттық-анықтамалық материалдар, экстремизмге қарсы және патриоттық бағыттағы бейне өнімдер, ақпараттық буклеттер, парақшалар және кітапшалар түрінде қажетті ақпараттық материалдармен қамтамасыз етіледі.
Тайынша ауданының аумағында терроризмге және діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында теріс ықпал ететін әлеуметтік шиеленіс анықталған емес.