«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Мироновка ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешімінің жобасына Пресс – релиз

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1 және 75-бабы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

2024-2026 жылдарға арналған Мироновка ауылдық округі бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелері ескеріле отырып, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-1-бабының негізінде есептелген.

2024 жылға арналған Мироновка ауылдық округінің бюджетіне түсетін түсімдердің болжамды көлемі 6700 мың теңге, 2025 жылға — 7100 мың теңге, 2026 жылға — 7500 мың теңге сомасында белгіленді.

2024 жылға аудандық бюджеттен 20300 мың теңге, 2025 жылға — 20800 мың теңге, 2026 жылға — 20800 мың теңге сомасында субвенция түсімі жоспарлануда.

2024 жылға республикалық бюджеттен 12 мың теңге сомасына трансферттер түсімі жоспарлануда

2024 жылға облыстык бюджеттен 26400 мың теңге, 2025 жылға — 0 мың теңге, 2026 жылға — 0 мың теңге сомасында трансферттер түсімі жоспарлануда

2024 жылға арналған Мироновка ауылдық округі бюджетінің жалпы көлемі 53412 мың теңгені, 2025 жылға 27900 мың теңгені, 2026 жылға 28300 мың теңгені құрайды.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/adminarchive/index).

Мироновка ауылдық округiнiң  әкiмi К. Ысқақов