«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТАЙЫНША АУДАНЫ МИРОНОВКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ 2022-2024 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТАЙЫНША АУДАНЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 2021 ЖЫЛҒЫ 28 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 126 ШЕШІМІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТАЙЫНША АУДАНЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ШЕШІМІ ПРЕСС-РЕЛИЗ

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 109-бабы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешімді қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

Мироновка ауылдық округінің бюджетін нақтылау көзі 2022 жылғы 1 қаңтарда қалыптасқан салық түсімдері бойынша қолда бар бос қалдықтар есебінен ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын ұлғайту және ауылдық округ бюджетінің шығыс бөлігін ұлғайту болып табылады.

1974 мың теңге сомасында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдықокруг әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

116,3 мың теңге сомасында елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету" Мироновка ауылындағы мал қорымын ресімдеуге

-6500 мың теңге сомасында мемлекеттік органның күрделі шығыстары

814 мың теңге сомасында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару"

700 мың теңге сомасында аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету"

Нормативтік-құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

Мироновка ауылдық округінің
әкімі К. Ысқақов