GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
17 июня 2026
Хабарландыру

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Киров ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру

2026 жылғы 24 маусымда сағат 16:00-де «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Киров ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтеді.

Өтетін орны: Киров ауылы, Мира көшесі, 8 (ауылдық клуб ғимараты).

12 мая 2026
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» төртінші үлгілік базалық бағытын іске асыру

2026 жылғы 1-30 маусым аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Киров ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» төртінші үлгілік базалық бағытын іске асыру аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауға объектінің қызметін және объектінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер тартылатын болады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама дайындалып, оның негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Құқық кабинеті
14 апреля 2026
«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі»

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының ауылдық елді мекендерінің тұрғындарына құқықтық ақпарат алу және мемлекеттік электрондық қызметтерді пайдалану айтарлықтай жеңілдеді.
Өңірдің аудандық және ауылдық әкімдіктерінде өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштарының базасында орналасқан «Құқық кабинеттері» жұмыс істейді. «Құқық кабинеттері» негізгі мемлекеттік және құқықтық ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар арнайы компьютерлермен жабдықталған.
Олардың көмегімен тұрғындар өз бетінше құқықтық ақпарат алып, мемлекеттік қызметтерге жүгініп, өз елді мекенінен шықпай-ақ электрондық өтініштер жолдай алады. «Құқық кабинеті» арқылы мынадай жүйелер мен сервистер қолжетімді: «Әділет» ҚБЖ; нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі; «Заң» деректер базасы; «Ашық НҚА» порталы; eGov электрондық үкімет порталы; «Zankomegi» сервисі; «Тараптар кабинеті» (АЖ ОИП); e-Otinish жүйесі және басқалары. Бұл азаматтарға заңдар мен түсіндірмелерді жылдам табуға, өтініштер мен сұраныстарды электрондық форматта жолдауға, олардың мәртебесін бақылауға, сондай-ақ консультациялық және ақпараттық қолдау алуға мүмкіндік береді.
Құқық кабинеттерінде ақпараттық стендтер орналастырылған, онда «Құқық кабинеттерінің» жұмысы туралы мәліметтер, заң қызметтерінің байланыс деректері және пайдалы анықтамалық материалдар көрсетілген. «Құқық кабинеттерінің» тиімді жұмыс істеуі үшін ауылдық округ мамандары нұсқамадан өтіп, жүйенің жұмыс істеу қағидаттарымен таныстырылды.
Қазіргі уақытта азаматтардың келу және жүгіну белсенділігіне мониторинг жүргізілуде, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. «Құқық кабинеттерін» құрудың негізгі мақсаты — ауыл тұрғындарының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру және жедел заң көмегін алуға қолайлы жағдай жасау.
Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. «Құқық кабинеті» — құқықтық көмектің қолжетімді, түсінікті әрі әрбір тұрғынға жақын болуына бағытталған тағы бір қадам.
Әділет департаментінің бас маманы Каратаева Д.М.

03 июня 2025
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру 

15 октября 2024
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16.10.2024 - 22.10.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 23.10.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
26.10.2024
Сұхбат: 30.10.2024
Анықтама телефоны: 87153621426
E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243701
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Киров ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Ауылдық округтiң аппараты әкімі қызмет құжаттамалық қамтамасыз ету
жүзеге асыру, нормативтік-құқықтық кесімдерді дайындау, іс жургізудің
құзырлығы мемлекеттік және орыс тілдерде.
Келіп түскен азаматтардың ұсыныстарын, өтініштерің, шағымдарын
есепке алу және мазмұнын зерделеуін қамтамасыз ету, селолық округі әкімінің
қарауына уақытымен тапсыру. «Web-EYOL» жүргізу, азаматтардың
ұсыныстарын қарау және бақылау. Бекітілген нысан бойынша есепті уақтылы
және сапалы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы»
уақтылы және сапалы есептерді дайындауды қамтамасыз етеді. Өтініштердің
электронды есебі жүргізеді, қабылдаумен айналысады.Азаматтардың
жиналыстары мен жиылыстарына керекті материалдарды даярлау,селолық
округ әкімі қатысқан жиналыстарда хаттамалар жүргізу. Сайлаушылар
тізімінің салыстыруын жүргізеді, сайлаушылардың саңдық құрамы бойынша
тоқсан сайынғы ақппараты ұсыну алқабилер тізімін даярлау бойынша жұмыс
жүргізеді. Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік органмен мемлекеттік
қызмет көрсету бойынша жұмысты шске асыру. Республика Қазақстан заңнама
қойылған реттегi нотариалдық іс-әрекеттерiді жүргізу. Азаматтық хал-
актілерінің тіркеуін бақылау. Ауылдық округтiң аппарат әкімі кадрлық
қызметiнiң жұмысқа орындау. Келіп түскен құжаттарға есеп жүргізу. Жоғары
тұрған органдардың түскен құжаттарына ауылдық округ әкімінің берген
тапсырмаларының орындалуына жауапты. Аудан әкімі менауылдық округ
әкімдерінің есептік кездесулерінде айтылған сыни ескертулер мен
ұсыныстарды орындау бойынша мониторинг жүргізеді. Қазақстан
Республикасы Президенті, Үкіметінің, облыс және аудан әкімінің нормативтіқ-
құқықтық актілерінің, ауалдық округ әкімі шешімдерінің, өкімдерінің
орындалуын бақылау. Адамдармен жұмыс істей білу, мәдени-көпшілік
шараларды өткізуді ұйымдастыру қабілеттеріне ие болу. Жоспарлау және
талдауды білу. Ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік
қызметшілерінің жұмыс өтілін анықтау бойынша комиссия отырысын өткізу.
Кәсіпсіз медиаторлармен жұмыс. Әскери міндеттілер мен әскерге
шақырушылар туралы есеп және әскери есебін жүргізу, әскерге шақырушылар
мен әскерге дейінгі жастарды аудандық қорғау істері бойынша медициналық
комиссиясына жеткізу, алғашқы есеп картотекасын жүргізу, әскери-есептік
құжаттарын сақтауды қамтамасыз ету.
Выполнение иных поручений акима сельского округа.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан
кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім: менеджмент, агрономия,
информатика, қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, мал
шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, көлікті пайдалану және жүк
қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс, ақпараттық
жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, есеп және
аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, жерге орналастыру, ветеринария,
өсімдік шаруашылығы, инженерия және инженерлік іс, сәулет және құрылыс,
гуманитарлықғылымдар, қаржы, автоматтандыру және басқару, бастауышта
оқыту педагогикасы мен әдістемесі, педагогика және психология, құқықтану,
экономика, агрономия, жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау,
гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау, тілдер және әдебиет
бойынша мұғалімдерді даярлау, тілдер және әдебиет, әлеуметтік ғылымдар,
журналистика және ақпарат, әскери іс, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық
қауіпсіздік, математика және статистика, өсімдік шаруашылығы, қазақ тілі мен
әдебиет пәнінің мұғалімі, бастауыш білім беру мұғалімі, орыс тілі мен әдебиеті
мұғалімі, - Менеджмент (қолдану саласы мен облысы бойынша), экономика
(сала бойынша), - Жер асты ғимараттар құрылысы, аударма ісі (түрлері
бойынша), бухгалтерлік іс және салық салу, қаржы, банк және сақтандыру ісі,
экология және табиғатты қорғау қызметі (түрлері бойынша), деректер базасын
және ақпараттық желілерді құру және оларды басқару, есептеу техникасы және
ақпараттық желілер (түрлері бойынша), бағдарламалық қамтамасыз етуді
әзірлеу және талдау, электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет
көрсету, жөндеу және пайдалану (түрлері және салалары бойынша), зоотехния,
ветеринария
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

26 августа 2024
Хабарландыру

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі бағалаушыларды іріктеу туралы хабарлайды

 «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін, конкурстық комиссияның құрамына енгізу ге  «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Киров ауылдық округі әкімінің аппараты»  КММ бас маманына бағалаушыларды іріктеу жүргізіледі.

Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген тұлғалар eqyzmet.gov.kz. интернет-порталда тіркелуі тиіс

Бағалаушы-бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар немесе басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.

Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдері:

А.ж. 27 тамызынан 02 қыркүйек бойынша.

Жаңалықтар, оқиғалар, фактілер
24 мая 2024
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы Анонс

2024 жылғы 10 маусымнан 25 маусым аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Киров ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» төртінші үлгілік базалық бағытын іске асыру аясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдауға объектінің қызметін және объектінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер тартылатын болады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама дайындап, оның негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылданатын болады.

 

Мемлекеттік қызметтер
24 апреля 2024
2023 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметі туралы есебі

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Киров ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2023 жылғы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметі туралы есебі

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Киров ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 2023 жылы «Электрондық үкімет» порталы арқылы 5 мемлекеттік қызмет көрсетті.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Киров ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де «Электрондық үкімет» порталы арқылы электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 150-ден астам брошюралар таратылды,

Халықты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолжетімді ету және ақпараттандыру мақсатында көрнекі ақпарат (мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің нормативтік құқықтық актілері, өтініштердің үлгілері, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты тұлғалардың аты-жөні) стендтері орналастырылған. мемлекеттік мекемелер. Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі бар, онда Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі, мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызметтердің заңнамалық актілері және нормативтік құқықтық актілері орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру мен автоматтандырудың нәтижелері мемлекеттік органда да, Мемлекеттік корпорация, «Электрондық үкімет» порталы арқылы да балама негізде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері қазіргі уақытта мемлекеттік органдар қызметінің маңызды басымдықтары болып табылады.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Киров ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ және аудан мектептерінде мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтарды электронды үкімет порталын белсенді пайдалануға тарту мақсатында 3-ші өзіне-өзі қызмет көрсету секторы, мұнда халық электронды қызметтерді өз бетінше ала алады.

2023 жылыа өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 158 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Киров ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызметтердің уақытылы және сапалы көрсетілуін қадағалайды. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша ауылдық округі әкімі аппаратының жұмысы туралы есеп Тайынша ауданы әкімінің аппаратына тоқсан сайын ұсынылады.

 

 

Киров вуылдық округ әкімі                                                               Р. Көпербаев

04 января 2024
Хабарландыру

Киров ауылдық округінің Трудовое ауылы тұрғындарының назарына 2024 жылғы 15 қаңтарда сағат 14-00-де «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Киров ауылдық округінің Трудовое ауылын тарату туралы» күн тәртібімен жергілікті қоғамдастық жиынының өткізілуі туралы Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.

04 января 2024
Хабарландыру

Киров ауылдық округінің Восточное ауылы тұрғындарының назарына 2024 жылғы 15 қаңтарда сағат 11-00-де

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Киров ауылдық округінің Восточное ауылын тарату туралы»

күн тәртібімен жергілікті қоғамдастық жиынының өткізілуі туралы Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы