СҚО әкiмдiгiнiң ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлiмiнiң басшысы

Мемлекеттік орган

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-3

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану

Функционалды міндеттер

Бөлім қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды, олардың жұмысын жоспарлайды және бөлімге жүктелген қызметтерді орындау бойынша қорытындыларды бағалайды. Құқық мәселелері бойынша басқарма стратегиясын әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастыру; тәртіптік, аттестаттау және басқа комиссиялардың қызметтерін ұйымдастыру және қамтамасыз ету; қызметтік тексерулер жүргізу, қызметшілерге аттестация және құқықтық оқыту жүргізу; еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын қамтамасыз етуді; мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуді, басқарма актісімен бекітілген мемлекеттік қызметшілерді ынталандыруды бақылайды; Басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерінен өзіне Заңмен жүктелген міндеттер мен функцияларды атқару үшін қажет құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады; Облыс әкімдігінің регламентіне сәйкес басқарма бөлімдерінің функционалдық міндеттерін орындауын бақылайды. Басқармада іс жүргізу мен мұрағаттық істі ұйымдастыруды жүзеге асырады, мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі шаралардың ұйымдастырылуын бақылайды; Азаматтардың өтініштері бойынша есептіліктің белгіленген нысандарын, тоқсандық және басқа да іс жүргізу жөніндегі есептерді уақтылы беруді қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызмет көрсетілуін бақылауды және есептілікті жүзеге асырады. Шарттарға, әкімдік қаулыларының жобаларына және Басқарманың басқа да құжаттарына құқықтық сараптама жүргізеді. Сот, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарда басқарма атынан өкілеттік етеді және мүддесін қорғайды; құрылымдық бөлімшелерге түрлі құқықтық құжаттарды дайындауға және ресімдеуге көмек көрсетеді. Наразылық-талап-арыз жұмысын бақылайды.

Жарияланған күні: 21.04.2020

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.04.2020 – 24.04.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу күні

    28.04.2020

    Сұхбаттасу орны

    Петропавл, Парковая 57в көшесі, 440 каб.

    Анықтама алу үшін байланыс

    8(7152)533642