«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ әкімшілік-қаржы бөлімінің бас маманы (2026 жылғы 29.08. дейін негізгі қызметшінің бала күту демалысы кезеңіне, уақытша)

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық және экономика негіздері
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын білу: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім:      

ҚР Бюджет кодексі, бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.02.26 № 220 Қаулысы), мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықтар, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, ҚР Еңбек кодексі, ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі.

Функционалды міндеттер

Бюджет қаражатының дұрыс және тиімді жұмсалуын; заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысуды жүргізуді; бухгалтерлік есептілікті жасауды; ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелермен жұмыс істеуді: тоқсандық және жылдық есептерді тексеруді және қабылдауды, есептерді жинақтауды және қаржы басқармасына тапсыруды бақылауды жүзеге асырады. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын жасайды, жоспарларға өзгерістер енгізеді. ҚР Мемлекеттік сатып алу веб-порталына жылдық жоспар қояды, уәкілетті органға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамту көлемі туралы мәліметтер береді, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қазақстандық мазмұндағы есептердің уақтылығы мен дұрыстығына мониторинг жүргізеді, Мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурстар өткізу үшін құжаттар дайындайды; Мемлекеттік сатып алу бойынша 1-МЗ есептерін қалыптастырады негізгі құралдар, ҰМА, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер. Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша келіп түскен хат-хабарларға жауаптар дайындайды; активтер мен басқа да материалдық құндылықтардың, бухгалтерлік құжаттардың жай-күйін бақылауды жүзеге асырады, оларды белгіленген тәртіпке сәйкес мұрағатқа беру үшін ресімдеуге қатысады. Мемлекеттік орман мекемелерінің бухгалтерлерімен бухгалтерлік есеп және есептілік мәселелері бойынша семинар-кеңестер дайындауға және өткізуге қатысады, бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша жергілікті жерлерде жоспарлы тексерулер жүргізеді. Жеке қаржыландыру жоспарларын жасайды, түсіндірме жазбалары бар төлемдер мен міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар дайындайды; Бюджет қаражатын игеру бойынша жиынтық есеп жасайды.

A блогі

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.03.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.03.2024 – 28.03.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

01.04.2024

Сұхбаттасу орны

CҚО, Петропавловск қаласы , Қазақстан Конституциясы көшесі 58, 116 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8 715 2 50 16 79