Орман шаруашылығы мамандығының құпиялары
12 мемлекеттік орман иеленушінің қарамағындағы мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 550 мың гектарды құрайды, оның ішінде 414, 2 мың гектар орманмен көмкерген.
Жалпы аумақ 354 айналымға бөлінген және орманшы-инспекторларға бекітілген, олар әдетте қызмет көрсетілетін аумақтың ортасында тұрады.
Орманшы-инспектор бекітілген аумақта бәрін қадағалап отыруы керек. Ол өз аумағында болып жатқан барлық нәрсені, ағаштардың аурулары мен зиянкестері, жануарлардың көші-қоны мен мінез-құлқы, өсімдіктер гүлденуінің басталуы туралы білуі керек... сондай-ақ, ол ормандарда табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылық болмау үшін құқық бұзушылықтарды қадағалайды.
Орман шаруашылығы қызметкерінің бойында болуы керек негізгі қасиеттер: орманда жұмыс істеуге деген ұмтылыс және табиғат пен экологияға ұқыпты қарау, өз жауапкершілігін түсіну, өйткені бұрыс әрекеттер қоршаған ортаға зиян тигізуі мүмкін және қайтымсыз процестерге әкелуі мүмкін.
Әдетте барлығы жұмысқа таңғы 9-да келіп, кешкі 18-де кетеді. Бірақ көктемде, тұтанулар мен орман өрттері басталған кезде, жұмыс тәртібі өзгереді — қызметкерлер орманда үнемі болуы керек, уақытқа ешкім қарамайды.
Өрт қаупі бар маусымның басынан бастап, әсіресе көктемде көптеген өрттер орын алады, көбінесе құрғақ шөптер мен былтырғы қамыс, ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің егістіктеріндегі аңыздық қалдықтар өртеніп кетеді. Сөндірілмеген сіріңке, жанып тұрған темекі, орманда қалған шүберек немесе тіпті бөтелкенің сынығы болсын, кішкене ұшқын лезде өртке әкелуі мүмкін.
Орман негізінен демалуға келген қонақтардан зардап шегеді, олар ештеңеге мән бермейді: қоқыс қалдырады, сөндірілмеген темекі тұқылдарын, сіріңкелерді лақтырылады, жиі мас күйінде от жағады, бұл жауапкершілік деңгейін одан әрі төмендетеді
Мемлекеттік орман қоры аумағында тұтану немесе орман өрті туындаған кезде бірінші болып мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері келеді.
Дала өрттері осы жаздың ең көп талқыланатын тақырыптарының біріне айналды. Жыл сайын олар орман екпелеріне зиян келтіреді
2023 жылғы 07.08-дағы жағдай бойынша облыс аумағында 147 тұатну болды, оның ішінде 21 тұтану орман өртіне айналды. Тұтануды сөндіруге 538 бірлік техника тартылып, 1 158 адам жұмылдырылды.
Орман өртінің 21 жағдайынан 14 жағдайда дала өрттерінен орманға көшу орын алды. От қамтыған жалпы аудан 75, 6 гектарды құрады.
Орман өрттерінің үш негізгі түрі бар, олар жоғарыдағы, төменгі қабат және жерасты, оларды шымтезекті деп те атайды. Ең жиі кездесетіні - төменгі қабат өрті, ол кезде орман төсеніші жанады. Бұл жағдайда өрт әр түрлі жылдамдықпен таралады, біркелкі емес, көбінесе бір жерден екінші жерге секіріп, ағаштардың тамыр жүйесіне қатты зақым келтірмейді, тек аласа ағаштарды күйдіреді.
Жоғарыдағы өрт төменгі қабат өртінен шығады. Өрт жоғары көтеріліп, ағаштардың бөрікбастарына көшеді және қатты желде тез таралады, бұл өте қауіпті, әсіресе толықтығы жоғары екпелерде.
Соңғы түрі сөндіру ең қиынға соғатын өрт, ол жер астына таралып, жану шымтезек қабатында, көбінесе үлкен тереңдікте орын алады. Батпақ сырттай қалыпты күйінде көрінгенімен, төменде жанып жатқанын білмей қалу да мүмкін.
Бірде-бір ошақ назардан тыс қалмауы керек, әйтпесе от жаңа күшпен тарала бастап, барлық жұмыс босқа кетеді.
Өрт кезінде жануарлар жану аумағынан барынша тез қашуға тырысады, тіпті құстар алысқа ұшып кетеді.
Мемлекеттік орман күзеті тиін, түлкі, қоян немесе кез келген құс болса да, жануарларға көмектесуге тырысып, оларды өрттен құтқару үшін бар күшін салады.
Өрт орнында мемлекеттік орман күзеті қателік жібермеу үшін өз әрекеттерін жұмылдырып, нақты бақылайды. Өрт қателіктерді кешірмейді.
Ағымдағы жылдың шілде айының және тамыз айының басында облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қауіптілігінің жоғары класы сақталады.
Өрттердің көпшілігі адамның кінәсінен болады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет, өйткені олардың барлығы қан мен күйемен жазылған, орманда қырағы болу керек.
Орман шаруашылығында кездейсоқ адамдар болмайды, көбісі орманшы жұмысын істей алады, бірақ нағыз орманшы бола алмайды.
Табиғатты және қоршаған әлемді сүю керек – бұл осы саладағы маманның негізгі қасиеттері.
Орман қызметкерлері күнделікті еңбекпен туған өлкенің табиғатын сақтайды.
Орман шаруашылығы және ЕҚТА
бөлімінің статистигі С. Е. Сүлейменова