«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ-сі басшысының орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-2, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы
- ғылыми дәрежесі;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
1.Тиісті санаттар үшін әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеу бағдарламаларында көзделген Қазақстан Республикасы заңнамаларын білу.
2. «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын, ҚР Еңбек кодексі, ҚР Салық кодексі, ҚР Бюджеттік кодексі, ҚР Әкімшілік процедуралық-процессуалдық кодексі нормаларын, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарды, ҚР Құрылыс нормалары мен ережелерін білу.
Функционалды міндеттер
|
Бірінші басшының тапсырмасы бойынша басқарма мүдделерін құрылыс саласындағы қаржылық-экономикалық мәселелер және өзге де мәселелер бойынша басқа ұйымдармен өзара қатынаста ұсыну. Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге қорытынды есептерді құру және бақылау, оны тиісті Министрліктерге ұсыну. Басқарманың бюджеттік бағдарламалары белгіленген уақытта әзірленуіне және бекітілуіне бақылау, конкурсты өткізу үшін құрылыстық-монтаждық және жобалау-іздестіру жұмыстарына мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алудың барлық түрлерін өткізілуіне және ұйымдастыруға бақылау. Орындалған жұмыстар актілерінің уақытында ресімделуіне, есептік-төлем құжаттарының дайындалуына, мердігерлер орындаған және төлеуге қабылдаған жұмыс көлемдерін төленуіне бақылау. Объектілердің құрылысына және жобалауға мердігерлік шарттар бойынша тараптардың міндеттемелерін орындауға бақылау ұйымдастыру. Объектілер бойынша мемлекеттік қаражаттың түсуін және игерілуін бақылауды жүзеге асыру. Құрылыстық сала бойынша инвестициялық бағдарлама жобаларын дайындауды ұйымдастыру, оларды қорғау, олардың іске асырылуына бақылау. Басқарманың қаржылық құжаттарына қол қою құқығына ие. Жергілікті нысаналы бағдарламаларды және аумақты дамытудың әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын әзірлеу және іске асыруға бақылау. Басқарма бойынша шаруашылық қызметінің экономикалық талдауын жүргізу, экономикаға тиімді ықпал етудің ұсыныстары мен бағдарламаларын әзірлеу, өзгерістер мен дамуларды болжамдау. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы бойынша инвестициялық бағдарлама жобаларын дайындау, оларды қорғау, олардың іске асырылуына бақылау. Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын заңнамада белгіленген тәртіппен қарастыру. Жетекшілік ететін сала бойынша басқарманың интернет ресурсын ақпаратпен толықтыру және жиі түрде жаңартылуын қамтамасыз ету. Жетекшілік ететін бөлімдердің мемлекеттік қызметшілер жеке жоспарлары әзірленуін және келісілуін, сондай-ақ, бағалау парақтарын уақытында тапсырылуын қамтамасыз ету және бақылау. Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдануды, ІТ жобаларды үйрену, ұсыныстар енгізу және оларды жұмыста қолдану. Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімі, Қаржылық-әкімшілік бөлімі қызметтеріне жетекшілік ету. (А блогы) |
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 21.09.2022
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58 107 каб.
-
8-7152-34-02-16