«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ басшысының орынбасары
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-2, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы
- ғылыми дәрежесі;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Сәулет
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
Қосымша талаптар
Жоғары: ауыл шаруашылығын механикаландыру (инженер-механик)
ҚР Еңбек кодексі, «Әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы» ҚР Кодексі нормаларын, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарды, ҚР Құрылыс нормалары мен ережелерін, «Қазақстан–2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу
Функционалды міндеттер
Бірінші басшының тапсырмасы бойынша құрылыс және өзге де мәселелер бойынша басқа ұйымдармен қарым-қатынаста басқарма мүдделерін ұсыну. Басқарманың басқа функционалдық қызметтеріне қатысты және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына жұмысшылар мен әлеуетті өнім берушілер әрекетін ұйымдастыру. Құрылыс барысын жалпы бақылау және жұмыстарды ұйымдастыру. Орындалған жұмыс актілерінің уақытында ресімделуіне, есептік-төлем құжаттарының дайындалуына, мердігерлер орындаған және төлеуге қабылдаған жұмыс көлемдерін төленуіне бақылау. Объектілердің құрылысына және жобалауға мердігерлік шарттар бойынша тараптардың міндеттемелерін орындауға бақылау ұйымдастыру. Объектілердің құрылыс барысында туындайтын мәселелерді жедел шешу мақсатында мердігерлермен бірлесіп, іс-шараларды жүргізу. Басқарманың желісі бойынша, сондай-ақ, мемлекеттік жеке серіктестік шеңберінде күрделі құрылыстың жылдық және келешек жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру. Нысандарды жобалау және салу кезеңдерінде басқарма қызметтерін, жобалаушы және сараптық ұйымдардың өзара жұмыстарын жүзеге асыру. Мердігерлер, сәулет-құрылыстық бақылау қызметі, техникалық және авторлық қадағалау қызметтері орындайтын жұмыстардың сапасына бақылау ұйымдастыру. Барлық меншік нысанындағы шаруашылық субъектілердің құрылыс материалдары және бұйымдары өндірісі бойынша жұмыстарына ықпал ету. Объектілердің инженерлік коммуникацияларын қосу бойынша техникалық шарттардың ресімделуіне және ұзартылуына, объектілердің құқықтық құжаттарының ресімделуіне бақылау жүргізу. Объектілерді пайдалануға енгізу жөніндегі қабылдау комиссияларына қатысу. Техникалық және сараптық комиссияларға қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыз-шағымдарын заңнамада белгіленген тәртіппен қарастыру. Жетекшілік толықтыру және жиі түрде жаңартылуын қамтамасыз ету. Жетекшілік ететін бөлімдердің мемлекеттік қызметшілерінің жеке жоспарлары әзірленуін және келісілуін, сондай-ақ, бағалау парақтарын уақытында тапсырылуын қамтамасыз ету және бақылау. Инновациялық әдістер мен технологияларды қолдануды, құрылыс саласында ІТ жобаларды үйрену, ұсыныстар енгізу және оларды жұмыста қолдану. Құрылыс бөлімі және және ұйымдастырушылық-құқықтық бөлім қызметтеріне жетекшілік ету
(А блогы)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 01.11.2021
- СҚО, Петропавл қ, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 122 кабинеті
-
87152465079