«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ-нің басшысы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
688751
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Сәулет
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
Қосымша талаптар
ҚР Еңбек кодексі, ҚР Бюджеттік кодексі, «Әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы» ҚР Кодексі нормаларын, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарды, ҚР Құрылыс нормалары мен ережелерін, «Қазақстан–2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу.
Функционалды міндеттер
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік құрылыс, сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізу. Жергілікті атқарушы органдарға объектілер мен кешендер құрылысы жөнінде ұсыныстар дайындау. Жалпы басқару: қаржы, кадрлар, экономика. Құпия құжаттар. Уәкілетті және атқарушы органдарда басқарманы ұсыну және олармен жұмыс істеу. Ерлер мен әйелдердің тең құқығының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдігі туралы заңнамаларды сақтауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызмет туралы ҚР заңнамаларына сәйкес басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындау және орнынан босату. Облыстағы елді-мекендердің бас жоспарларына сәйкес жаңа құрылысқа жер учаскелерін таңдау мәселелерін шешуге қатысу. Облыстың елді-мекендерінің дизайны мен сәулеттік келбетін жақсарту, жарнаманы орналастыру, көшелерді, алаңдарды, демалу орындарын, аула ішілік аймақтарды абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыруға бақылау. Облыс аумағында сәулеттік-қала құрылысы қызметін жүзеге асыруда жариялықты қамтамасыз етуге бақылау. Облыс аумағында әлеуметтік сала, тұрғын үй - коммуналдық, азаматтық және өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысына және қайта жаңартуларға арналған жобалау құжаттамаларын қарастыру және келісу. Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын заңнамада белгіленген тәртіппен қарастыру.
(А блогы)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.10.2021
- СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі,58 122 кабинеті
-
8 (7152) 465079