«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ-нің ұйымдастырушылық-құқықтық бөлімінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146000

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру

Қосымша талаптар

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР заңдарын, ҚР Құрылыс нормалары мен ережелерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын білу

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың, оларға қосымша келісімдердің, меморандум жобаларын әзірлеу жұмыстарына қатысу, заңнамаларға сәйкес, өнім берушілермен уақытында шарт жасау. Шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде, заңнамаларда көзделген ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз ету. Басқарманың қатысуымен тартыстар бойынша талап-арыз жұмысы. Басқарманың пайдасына қабылданбаған сот актілеріне шағымдану жөніндегі жұмыс. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөнінде шаралар қабылдау. Бөлім қызметінің қорытындысы бойынша ақпарат дайындау, оны басқарманың интернет ресурсына орналастыру. Уақытында жеке жоспарды әзірлеу және басшыға бекітуге тапсыру, бағалау парақтарын уақытында толтырып, басшыға келісуге беру. Орындауға түскен жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыз-шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімде қарастырып, жауабын жолдау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 12.08.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.08.2021 – 23.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

25.08.2021

Сұхбаттасу орны

СҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 58, 122 кабинеті

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7152) 465079