СҚО әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
Солтүстік Қазақстан облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Халықаралық журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік сатып алу жоспарын дайындау және бекіту. Мемлекеттік сатып алудың веб-порталында шарттардың тізілімін жүргізу. Мемлекеттік сатып алу бойынша ай сайынғы есептілік жүргізу. Конкурстық комиссия құру, конкурстар өткізу және конкурстық құжаттаманы бекіту және тағы басқалары туралы бұйрықтарды дайындау. Конкурстық комиссия отырыстарының хаттамаларын дайындау және ресімдеу. Конкурс тәсілімен тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін, басқарманың комиссия мүшелеріне электрондық цифрлық қолдарын құру. Баға ұсынысы тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу. Бөлім жұмысына қатысты ағымдағы жұмыстар, мемлекеттік органдармен және аудандық құрылыс бөлімдері және Петропавл қаласы бөлімімен өзара іс-қимыл. Уақытында жеке жоспарды әзірлеу және басшыға бекітуге тапсыру, бағалау парақтарын уақытында толтырып, басшыға келісуге беру. Орындауға түскен жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын заңнамада белгіленген мерзімде қарастырып, жауабын жолдау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 03.04.2020
- СҚО Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы көшесі, 23, 219 каб.
-
8 (7152) 46-25-85