Жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы
Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы
Солтүстік Қазақстан облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Халықаралық журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
Функционалды міндеттер
Бөлімнің және бөлім қызметкерлерінің жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау, бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауап беру, басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды үйлестіру. Бөлімнің мемлекеттік және еңбек тәртібін, тұрақты психологиялық микроклиматтың сақталуын қамтамасыз ету. Бөлімнің ішкі құжаттарын, сондай-ақ бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің жеке жоспарларын әзірлеу және оларды келісу, бағалау парақтарын келісу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. ҚР Президенті, Үкіметі актілері бойынша облыс әкімінің бақылауға алынған тапсырмаларының тізімі бойынша құжаттардың уақытында орындалуын қамтамасыз ету және бақылау. Бюджеттік бағдарламалар мен мемлекеттік сатып алу жоспарының әзірленуіне және бекітілуіне басшылық ету және бақылау. «Солтүстік Қазақстан облысының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы» нысаналы индикаторы көрсеткіштеріне мониторинг. Облыс бойынша барлық қаржыландыру көздері есебінен, тұрғын үйлерді ендіру көлемін орындау бойынша мониторинг. Аудандар мен Петропавл қаласы шегінде тұрғын үйлерді ендіру жоспарларын бекітуге жоспарлау және келісу. Басқарма басшысына және оның орынбасарларына жұмыс мәжілісіне, облыс әкімдігі отырыстарына материалдарды дайындау. Бюджеттік бағдарлама-ларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) бойынша жұмысты ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыз-шағымдарын заңнамада белгіленген тәртіппен қарастыру. Бөлім жұмысына қатысты ағымдағы жұмыстар, мемлекеттік органдармен және аудандық құрылыс бөлімдерімен өзара іс-қимыл.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 30.03.2020
- СКО г.Петропавловск ул.Конституции Казахстана, 23, каб.219
-
8 (7152) 46-25-85