Еңбек сіңірген жаттықтырушыны еске алуға арналған халықаралық турнир

Еңбек сіңірген жаттықтырушыны еске алуға арналған халықаралық турнир

Петропавлда Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстанның солтүстігіндегі спорттық акробатиканың негізін қалаушылардың бірі Анатолий Иванович Ямпольскийді еске алуға арналған спорттық акробатикадан оныншы халықаралық турнир басталып кетті.

Биылғы жылы Ресей Федерациясының сегіз қаласынан, Ташкенттен, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Орал, Өскемен, Ақсу және Петропавлдан келген үш жүз елуге жуық спортшылар спорттық акробатика, батутта, акробатикалық жолда және шағын трампта секіру жарыстарына қатыспақ.

Турнирдің қорытындысы 16 қаңтарда белгілі болады.