«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» облыс әкімдігі қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 93-VIII «Масс-медиа туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесінің негізінде өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді, өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын, уәкілетті орган бекітеді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ бұйрығымен «Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесі» (бұдан әрі - Әдістеме) бекітілді.

Бекітілген үлгілік әдістемеге сәйкес қызметтің әрбір жеке түрі үшін базалық бағаны жергілікті атқарушы орган дербес айқындайды.

Солтүстік Қазақстан облысында қызметтің әрбір жеке түрі үшін базалық бағалардың құны бұқаралық ақпарат құралдарынан баға ұсыныстарын жинау жолымен айқындалған және ұсынылған ең төмен құны бойынша белгіленген.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын баспа басылымдарындағы қызметтердің құны баға ұсыныстары негізінде айқындалды (республикалық газеттер) «AIQYN» және «Литер» газеттерінің - 1 шаршы метр үшін 1500 теңге, «Қазақстан дәуірі» - 1 шаршы метр үшін 500 теңге, «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская Правда» - 1 шаршы метр үшін 1320 теңге және белгіленген ең төмен ұсынылған бағасы «Қазақстан дәуірі» газетінің - 1 шаршы метр үшін 500 теңге болып белгіленді.

Солтүстік Қазақстан облысының (облыстық газеттер) аумағында таратылатын баспа басылымдарындағы қызметтердің құны «Солтүстік Қазақстан» және «Северный Казахстан» газеттерінің баға ұсыныстары негізінде айқындалды-1 шаршы см үшін 180 теңге және 180 теңге белгіленді.

Петропавл қаласының (қалалық газеттер) аумағында таратылатын баспа басылымдарындағы қызметтердің құны «Проспект СК» және «Qyzyljar nury» газеттерінің баға ұсыныстары негізінде айқындалды - 1 шаршы метр үшін 120 теңге және 120 теңге белгіленді.

Барлық аудандық газеттер баға ұсыныстарын жолдады, 23 аудандық газеттің ұсынылған құны-1 шаршы метрге 160 теңге, 2 аудандық «Айыртау таңы» және «Айыртауские зори» газеттері – 1 шаршы метрге 120 теңге, газеттерінің ең төмен ұсынылған бағасы бойынша 1 шаршы метрге 120 теңге болып белгіленді.

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын баспа басылымдарында (журналда) көрсетілетін қызметтердің құны (дайындау және орналастыру) «Мағжан» журналының баға ұсынысы негізінде айқындалды - 1 шаршы метр үшін 160 теңге.

Республикалық маңызы бар мәселелерді (республикалық интернет-ресурстар) жариялайтын ақпараттық материалды интернет-ресурста қызметтердің құны (дайындау және орналастыру) баға ұсыныстары негізінде айқындалған «Tengrinews» - 1 символ үшін 500 теңге, «Zakon.kz» - 1 символ үшін 200 теңге, «Nur.kz» - 1 символ үшін 300 теңге және белгіленген интернет-ресурстың ең төмен ұсынылған бағасы «Zakon.kz» - 1 символ үшін 200 теңге.

Өңірлік маңызы бар мәселелерді қамтитын интернет-ресурста ақпараттық материалды қызметтердің құны (дайындау және орналастыру) «Петропавл.news», «Qazaqstan Media», «Social Media» - 1 символға 30 теңге және 30 теңге белгіленді.

Өңірлік маңызы бар мәселелерді (өңірлік интернет-ресурстар) жариялайтын интернет-ресурста көрсетілетін қызметтердің құны (дайындау және орналастыру) «Qazaqstan Media», «Social Media» баға ұсыныстары негізінде 1 секунд үшін 167 теңге болып белгіленді.

Қазақстан Республикасының (Республикалық ТВ) аумағында таратылатын міндетті теле -, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарда көрсетілетін қызметтердің (сюжеттерді өндіру және орналастыру) құны  телеарнасының баға ұсыныстары негізінде айқындалды «31 арна»-1 минут үшін 574 000 теңге, «Астана ТВ» - 1 минут үшін 573 333 теңге, «Хабар» - 1 минут үшін 1 000 000 теңге және «Астана ТВ» телеарнасының ұсынылған ең төмен бағасымен белгіленді-1 минут үшін 573 333 теңге.

Міндетті теле -, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Солтүстік Қазақстан облысының (облыстық ТВ) аумағында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторы тарататын еркін қол жетімді міндетті теле -, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарда көрсетілетін қызметтердің (сюжеттерді, бағдарламаларды, бейнероликтерді өндіру және орналастыру) құны телеарналардың баға ұсыныстары негізінде айқындалған «Qyzyljar» - 1 минут үшін 20 700 теңге, «МТРК» және «Первый Северный» - 1 минут үшін 14 300 теңге және «МТРК» және «Первый Северный» телеарналарының ең төмен ұсынылған бағасымен 1 минут үшін 14 300 теңге белгіленді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының жобасы әзірленді, оған өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі әдістеме мен базалық бағалар қоса берілді.

  Талқылау үшін ашық НҚА порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15314814  жоба жарияланды.