В рамках реализации Концепции «Закон и порядок» проведена масштабная профилактическая акция для детей «Будни спасателя»

В рамках реализации Концепции «Закон и порядок» проведена масштабная профилактическая акция для детей «Будни спасателя»

2026 жылдың 20 мамырында Солтүстік Қазақстан облысында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында облыс прокуратурасының үйлестіруімен балаларға арналған «Құтқарушының күнделікті өмірі» атты ауқымды алдын алу акциясы өткізілді.

Іс-шара аясында мектеп оқушыларына полиция бөлімшелері мен өрт сөндіру бөлімдеріне экскурсиялар ұйымдастырылды. Акция қатысушыларына өрт техникасы, мамандандырылған автомобильдердің жабдықтары көрсетілді, сонымен қатар қауіпсіздіктің негізгі ережелері мен өрт туған жағдайда әрекет ету тәртібі түсіндірілді.

Акцияға барлығы 350-ден астам кәмелетке толмаған қамтылды. Іс-шаралар облыстың барлық аудандарында және Петропавл қаласында өткізілді.

Осындай іс-шараларды өткізу өсіп келе жатқан ұрпақта қауіпсіздік мәдениетін, құқықтық сананы қалыптастыруға, сонымен қатар құқық қорғау және құтқару қызметі саласындағы кәсіптерге деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.