«Петропавл қаласының әкімінің аппараты» КММ заң бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Петропавл қаласының әкімдігі

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

Е-3 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

327924

Жалпы біліктілік талаптары

Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқық қорғау қызметі

Функционалды міндеттер

Бөлімнің тоқсандық жұмыс жоспарларының орындалуын, қала әкімдігінің қарауына енгізілетін құқықтық мәселелердің дайындалуын қамтамасыз етеді; нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге жіберуді үйлестіреді; құқықтық жаппай оқудың тақырыбын жоспарлайды.

Әкімге қол қоюға ұсынылатын әкімдік қаулыларының, шешімдер мен өкімдердің жобаларын, нормативтік құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды  заңнама талаптарына сәйкестікке тексереді.

Әкім аппаратының басшылары мен қызметкерлеріне құқықтық сипаттағы мәселелер бойынша кеңес береді.

Бірінші және екінші сатыдағы соттарда, мемлекеттік органдар мен мекемелерде, меншік түрінен байланыссыз ұйымдар мен кәсіпорындарда сенімхат бойынша қала әкімі мен әкім аппаратының мүддесін қорғайды.

Белгіленген тәртіпте бөлімнің құқықтық жұмысы туралы есеп дайындайды.

Қала әкімі аппаратының басшылығымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді  орындау.

блок А

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.08.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.08.2023 – 31.08.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 Mb

Сұхбаттасу күні

05.09.2023

Сұхбаттасу орны

«Петропавл қаласының әкімінің аппараты» КММ, СҚО, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі. 23 үй - 426

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7152) 50-30-09