Сұрақ: үйден шықпай-ақ онлайн режимінде қазақ тілін тегін үйренуге мүмкіндік бар ма?
Жауап: Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап қала әкімдігінің (https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-petropavl?lang=kk) сайтында қазақ тілі бойынша онлайн-сабақтарды жариялау жоспарланған. Оқыту әдістемесі мемлекеттік тілді жылдам меңгеруге мүмкіндік береді.
Сұрақ: кәсіпкерлік объектісінің атауы жазылған маңдайшаны қай тілде және қалай дұрыс ресімдеу керек? Көрнекі ақпаратты орналастыру саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?
Жауап: «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I Заңының 21-бабына сәйкес (құжатқа сілтеме: https://online.zakon.kz/document/?doc_id=1008034#pos=166;-54), бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға белгілері, басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде және орыс тілінде, ал қажет болған жағдайда басқа да тілдерде жазылады. Көрнекі ақпараттың барлық мәтіні мынадай ретпен: мемлекеттік тілде — сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тілінде оң жағына немесе төменгі жағына орналасады, бірдей мөлшердегі әріптермен жазылады. Қажет болуына қарай көрнекі ақпараттың мәтіндері қосымша басқа тілдерде де келтірілуі мүмкін. Бұл ретте қаріптің мөлшері нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардан аспауға тиіс. Ауызша ақпарат, хабарландырулар, жарнамалар мемлекеттік тілде, орыс тілінде және қажет болған жағдайда басқа тілдерде беріледі.
Ресімдеу алдында алдын ала объектінің маңдайша жазуының эскизін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы»КММ-мен келісу қажет.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 75-бабы 3-тармағына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін келесі әкімшілік жауапкершілік түрлері қарастырылған:
Сұрақ: И.Шухов атындағы кітапханада кітапты онлайн режимінде ұзартуға болады ма?
Жауап: оқырмандарға ыңғайлы болуы үшін shuhovlibrary.sko.kz кітапхана сайтында «қызметтер» бөлімінде «Кітаптарды онлайн ұзарту» деген қосымша беті бар.
Сұрақ: осы жылы балаларымыздың бос уақытын өткізу үшін жаңа шығармашылық бағыттарды ашу жоспарлануда ма?
Жауап: Ағымдағы жылы мемлекеттік және орыс тілдерінде «ART-ist» театр студиясын (жас санаты 7-ден 15 жасқа дейін); «Deco ART» көркем тобына шығармашылық студияны (жас санаты 5-тен 12 жасқа дейін) ашу жоспарланған, бағдарламада: кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер; кескіндеме, маталар, мүсіндеу, папье-маше аппликациясы. Сонымен қатар Үкілі Ыбырай атындағы домбырада вокалдық шеберлік үйірмесіне балаларды өз сүйемелдеуімен қабылдау жүргізіледі. Көркемдік жетекші Еркебұлан Қарыпов.