Онлайн қабылдау

Электрондық өтініштер

Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.

Қабылдауға жазылу

Сіз тізімде көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің жеке қабылдауына жазыла аласыз. «Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулықпен танысуды ұсынамыз

Азаматтарды қабылдау орталығы

өз қызметін мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылы үшін орталықтандырылған алаң ретінде жүзеге асырады.

Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Қазiргi уақытта порталда 2 жастан 6 жасқа дейiнгi жас санатындағы 800-ден астам бос орын бар, кез келген адам кезекке тұрып, бiрден жолдама ала алады.

Балабақшаға жолдама алу үшiн ата-аналар ИНДИГО24.kz, (INDIGO24.kz) сайтына, жеке кабинетке (тек тiркеу жүргiзiлген құрылғыдан) кiруi керек.

  1. «Жолдама алу» батырмасын басу.
  2. «Бос орындарды iздеу» батырмасын басу"
  3. Баланың жасына сәйкес келетiн бос орындары бар қолжетiмдi мектепке дейiнгi ұйымдар шығады
  4. Ата-аналар балабақшаны таңдайды, содан кейiн «Топты таңдау» батырмасын басу керек
  5. Балабақша топтары шығады, онда баланың жас санаты бойынша бос орындар бар
  6. Содан кейiн «№ХХХ өтiнiм бойынша жолдама алу батырмасын басу қажет
  7. Танысу үшiн баланы қабылдау үшiн ақпарат, таңдалған балабақша, ата-ана жолдама бергiсi келетiн топ шығады.
  8. Содан кейiн «Жолдама алу» бастырмасын басу
  9. Жолдама алынды.

Қиындықтар немесе басқа да қызықтыратын сұрақтар туындаған жағдайда ата-аналар Қазақстан Конституциясы көшесi, 23 мекенжайындағы қалалық әкiмдiктiң № 14 кабинетiне келе алады немесе 36-64-19 тел. қоңырау шала алады.

Сонымен қатар, №14 кабинетте ата-аналардың қызметiне өзiне-өзi қызмет көрсету үстелi орнатылған, онда қажет болған жағдайда мектепке дейiнгi секторының әдiскерлерi автоматтандырылған жүйеде жұмыс iстеуге консультациялық және техникалық көмек (сүйемелдеу) көрсетедi.