«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Авангард ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жалпы мәселелер жөніндегі бас маманы
Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысы
243701
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Құқық
- Білім (білім саласы)
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Қаржы
Қосымша талаптар
Конкурсқа қатысатын және бос лауазымға сұхбаттасуға жіберілген кандидат әңгімелесуден өтеді, оның барысында оған мәлімделген бос лауазымға қатысты сұрақтар қойылады. Конкурстық комиссияға конкурстық сұрақтардан басқа үміткерлерді іріктеудің басқа тәсілдерін (ситуациялық және мотивациялық сұрақтар) пайдалануға рұқсат етіледі.
Функционалды міндеттер
Ауылдық округ әкімі аппаратының ісін жүргізу, ауылдық округ әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобасын әзірлеу, олардың орындаушыға уақытында жеткізілуін қадағалау, белгілі бір нотариалды әрекеттер жасау, интернет - қордың (сайттың) жұмысын ұйымдастыру. Азаматтардың ұсыныстарын, өтініштерін, шағымдарын есепке алу, олардың мазмұнын қарау және уақытында ауылдық округ әкімінің қарауына беру. Азаматтардың өтініштерін қарау және бақылау, ЖТБТ бағдарламасымен жұмыс жасау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету. Кадрлық іс жүргізу. Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, орындаушыларға жоғары тұрған органдардың, ауылдық округ әкімінің шешімдерін уақытында жеткізу. Ауылдық округ әкімі аппаратының құжаттарын номенклатураға сәйкес мұрағатқа тапсыру. «Е-қызмет» базасын уақытылы жүргізуге жауапты. Ауылдық округ аумағындағы әскери міндеттілерді есепке алу,әскери міндет пен әскери қызмет мәселесі бойынша заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету. Азаматтық қорғаныс бойынша құжаттамаларды өңдеу және даярлау,жұмыс жүргізу және ұйымдастыру. Шаруашылық есеп жүргізу.Үй шаруашылық дәптерлерінен үзінділер беру. Электрондық-үй шаруашылық есепті жүргізу,жеке қосалқы шаруашылық базасын жаңарту. Ауылдық округ әкімінің тапсырмалары бойынша өзге де жұмыстар жүргізу. Ауылдық округ әкімінің тапсырмалары бойынша өзге де жұмыстар жүргізу.
(А) блогі
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
mzhumabaeva-akimat@sqo.gov.kz
- 23.09.2022
- Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы, Юбилейная көшесі, 56
-
анықтама телефоны 8(71531)21449, факс 8(71531)21557